Бөгет бұзылып, қырықтан астам адам қаза тапты
Фото: Видеодан кадр/24kz
Фото: Видеодан кадр/24kz
30.04.2024 09:44
2813
Кенияда толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан бөгет бұзылып, бірнеше адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Камучири кентінде бөгет бұзылғаннан кейін көптеген үй қирап, жолдарды су шайып кетті.
Накуру округінің губернаторы Сьюзен Кихика апаттан қырық екі адам қайтыс болғанын мәлімдедін.
Бұл - алдын ала мәлімет қана. Лай қабатының астында адамдар әлі бар, — деді ол.
Құтқару топтары ел астанасы Найробиден 60 шақырым жерде орналасқан Май-Махиу қаласы маңындағы кентте аман қалғандарды іздеу үшін балшықтан өтіп жатырр. Соңғы бір айда Кенияда су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға