Жаңалықтар

Боччадан чемпионат маусым айында өтеді

Боччадан чемпионат маусым айында өтеді
Фото: © СЦК 30.05.2023 17:52 941

Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдымен Қазақстан бочча федерациясының вице-президенті Назым Жанғазинова «бочча» деген не деген сұраққа жауап беріп өтті. Айтуынша доп ойыны екен. Яғни, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған доппен ойнайтын ойын.

Нақтырақ айтсақ, тірек қозғалысы аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге арналған ойын. Осы боччаның арқасында балалардың көрсеткіштері жақсара бастайды. Боччаның ауыратын балаларға тигізер пайдасы зор, – дейді Назым Жанғазинова.

Сондай-ақ, ол жақында федерация халықаралық бочча федерациясының мүшесі болғанын атап өтті. Оған қоса, екі ай бұрын жаңа президент Мәулен Әшімбаев болғанын тілге тиек етті.

Соңғы кездері боччаға үлкен қолдау көрсетіп, жан-жақты дамытып жатырмыз. Маусым айының 1-і және 4-і күндері боччадан Астанада үлкен чемпионат өтпек. Чемпионатқа әр өңірден 50-ге жуық чемпиондар қатыспақ. Олардың арасынан іріктеу өтіп, ұлттық құрама жасақталады, – деді ол.

Ұлттық құрама әріқарай халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Ұлжекова өзі ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана екенін айтты.

2016 жылы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры» құрдым. Осындай балаларды спортқа қызығушылығы мен мүмкіндіктерін арттыру. Әртүрлі спорт үйірмелерін ашу. Ерекше бүлдіршіндерге тек медицина тарапынан емес емес, жан-жақты қолдау қажет. Әсіресе, спорт арқылы бала өзінің алдына қойған мақсатына өзі ғана жете алады, – дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Ұлжекова.

Ол сондай-ақ, 2019 жылдан бері «Саламатты Қазақстан» жобасын іске асырып отырғанын жеткізді. Бұл жобаның басты мақсаты ерекше балаларға осындай бейіндік спорт шараларын ашу.

Бочча чемпионатында 15 жастан жоғары арбада отыратын спортшылар қатысады. Ал инклюзивті спорт фестиваліне ерекше 5 жастан жоғары әртүрлі диагноздары бар балалар қатысады. Олар 11 спорт түрінен сайысқа түседі, – дейді бочча федерациясының бас хатшысы.

Қазақстан бочча федерациясының бірінші вице-президенті Айнұр Нұрхожаева алдағы уақытта болатын чемпионатты осымен екінші рет өткізгелі отырғанын жеткізді.

Алғаш рет осы ойынды елімізге 2017 жылыь алп келдік. Мақсатымыз арбада таңылған және үйде отырып қалған, төрт қабырғада күннің сәулесін көрмеген балаларды сыртқа шығару біздің міндетіміз болды. Енді олардың арбасы өзінің мерседесі» деп айтар едім. Бұл ойынға физикалық тұрғыда науқас балалар қатысады. Допты лақтырғанда, олардың мүмкіндігі шексіз болады, – дейді Айнұр Нұрхожаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға