Блогерлер салық төлей ме? Қаржы министрі елімізде қанша блогер барын айтты
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
15.01.2024 17:52
826
Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық блогерлер қанша салық төлейтінін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.
400-ден астам блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін, – деді Жамаубаев.
Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбай, кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, олар салық төлемейтінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты