Жаңалықтар

Блогерлер өтірік ақшасы мен көліктерін көрсетеді - Ринат Зайытов

Блогерлер өтірік ақшасы мен көліктерін көрсетеді - Ринат Зайытов
Фото: t.me/mazhilis_kz 19.02.2025 11:10 530

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов блогерлерге салынатын салық мөлшеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кез келген табысқа салық салынады. Бұл бесенеден белгілі, заңды нәрсе. Бұған дейін есептеу қиын болған шығар, енді ғана есебін тауып үлгерген болуы керек. Дегенмен, бәрін дұрыстап есептеу керек. Бұған дейін «сен мынанша төлемедің» деген қаншалықты өнімді әңгіме екенін білмеймін, бірақ бұдан кейін қанша төлейтінін айтқан дұрыс. Блогерлердің өздері де кінәлі. Бір блогерлер ақшасын, өтірік көліктерін көрсетеді. Ондай өтірік істеген адамдар осы жолы зардабын тартады.

Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер мен танымал тұлғалардың табысын жасырып, салық төлеуден жалтарып жүргенін анықтап, 594 тұлғаның 53,3 миллиард теңге көлеміндегі кірісі салық есебіне сай келмейді деп таныды.

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by EL.KZ (@elkz_portal)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға