Жаңалықтар

Блогерлер мен онлайн-платформалар әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жүргізе алады

Блогерлер мен онлайн-платформалар әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жүргізе алады
Фото: El.kz 13.02.2023 19:10 1208

Үгіт-насихат кезеңі 18 ақпанда басталады. Егер сіз әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы болсаңыз немесе жеке парақшаңыз болса, онда Қазақстан Республикасының ОСК-на коммерциялық ұсыныстар жіберуіңіз керек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2023 жылғы 14 ақпаннан кешіктірмей кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ ұсынуға тиіс:

- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына;

- мәслихат депутаттарына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға