Жаңалықтар

Блогерлер мен инфлюенсерлер «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Блогерлер мен инфлюенсерлер «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Фото: коллаж El.kz 25.11.2024 10:00 429

Әлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі – экологиялық мәселелер. Қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды азайту және тұрақты даму идеяларын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Алайда, дәстүрлі медиа формаларынан гөрі, адамдарға экологиялық тақырыптарды жеткізуде блогерлер мен инфлюенсерлердің ықпалы артып келеді. Олардың кең аудиторияны қамтуы, өзекті ақпаратты визуалды және тартымды форматта ұсынуы экология мәселелерін түсінуді жеңілдетіп, әреке етуге ынталандырады. Осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатқан «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ тәжіриебесімен Басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов бөлісті. 

Дидар Қарымсақов жалпы экологиялық трендтер мен экология мәселелерін көпшілікке тарату үшін блогерлер мен инфлюенсерлерді тартудың көптеген артықшылығы бар екенін айтады.

Біріншісі және ең маңыздысы – блогердің сөзі мен пікіріне сенетін тұрақты аудиторияны барынша қамту. Олар экология мәселелер туралы ақпаратты көптеген адамға, соның ішінде әртүрлі жастағы әлеуметтік топтарға тарата алады. Бұл – экологиялық мәселелерге назар аударту үшін өте маңызды, себебі аталған тақырып күнделікті күн тәртібінде айтыла бермейді. Аудитория көбінесе дәстүрлі медиаға қарағанда, блогерлерді шыншыл деп ойлайды әрі өздеріне «жақын» тартады. Олар экологиялық проблемаларды өздерінің жеке тәжірибесі арқылы көрсете алады, мұның өзі ақпаратты анағұрлым сенімді етеді әрі іс-әрекет жасауға ынталандырады. Бұл адамдардың экологиялық күн тәртібіне деген сенімділігін арттырады және мәселеге көпшілікті тартуға мүмкіндік береді, – дейді Басқарма төрағасы.

Осы ретте Дидар Нұрлыбекұлы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ экологиялық акциялар өткізу және елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамаларды жариялау кезінде аудиторияны кеңінен қамту үшін блогерлерді шақыратынын атап өтті.

Мысалы, сән саласындағы блогерлер киімді тұрақты тұтыну және оны сатып алғанда саналы көзқарас ұстану идеяларын ілгерілетсе, фуд-блогерлер – тамақ дайындаудың экологиялық тәсілдерін немесе өсімдік диетасының артықшылықтарын көпшілікке тарата алады. Бұл қоғамның әртүрлі сегменттеріне экологиялық үндеулерді тиімді жеткізуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Басқарма төрағасының сөзінше, қазіргі уақытта «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» «Бірреттік ыдысты мүлдем қолданба» деп аталатын экологиялық акция өткізіп жатыр. Бұл акция әлеуметтік желілердің, блогерлердің (экология проблемаларына және қоршаған ортаның ластануына бей-жай қарамайтын) жан-жақты таратуының нәтижесінде көпшілік халыққа мәлім болды. 

Визуалды, креативті ұсыну және белсенді пайдаланылатын визуалды және мультимедиялық форматтар: фотосуреттер, видео, инфографика, осының бәрі – экологиялық тақырыптарды түрлі-түсті, көрнекі әрі қызықты етіп ұсынуға мүмкіндік береді. Аталған форматтар көпшіліктің эмоционалды пікірлерін қалыптастыра алады, ал мұның өзі аудиторияны экологиялық бастамаларды талқылауға және оған қолдау білдіруге шақырады. Күнделікті өмірде экологиялық тәжірибені қалай қолданатыны туралы бір оқиғаны көрсету (мысалы, көпреттік контейнерлерді қолдану, қалдықтарды қайта өңдеу немесе тұрақты тұтынуға көшу), басқаларды қызықтырады, осылайша олар дәл соны қайталауы мүмкін. Бұл – «әлеуметтік дәлел» әсерін жасайды және адамдарды осындай іс-әрекетке құлшындырады. Көптеген пікір көшбасшылары өзінің жазылушыларына экологияға теріс әсерді қалай азайтуға болатыны туралы пайдалы ақпаратты ұсына отырып, білім беру кампанияларына белсенді қатысады, – дейді ол.

Осы тәжірибе орталықтың @igtic_kz TikTok алаңында жастар аудиториясын тарту үшін тұрақты түрде қолданылады.

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Gulmira Dairabayeva (@gulmira_dairabaeva)

«Тұрақты энергетикаға көшу», «Жаңартылатын энергия көздері», «Энергетикалық жүйелерді декарбонизациялау», «Көлікті электрлендіру», «Циркулярлық экономика», «Материалдарды қайта өңдеу және қайта пайдалану», «Қалдықтарды азайту», «Биоалуантүрлілік және экожүйелерді сақтау», «Табиғатты қорғау және экожүйелерді қалпына келтіру», «Энергияны үнемдейтін ғимараттар», «Су ресурстарын тиімді пайдалану», «Цифрландыру және жасанды экологиядағы интеллект», «Экологиялық лайфхактар» және көптеген басқа да тақырыптар күн сайын жарияланып тұрады, – деп ойын жеткізді Дидар Қарымсақов.

Басқарма төрағасы инфлюенсерлер аталған мәселелерді анық әрі түсінікті формада жеткізе алатынын, ал бұл күрделі экологиялық проблеманы жеңіл ұғып, күнделікті өмірде қолдануға көмектесетінін айтты.

Танымал блогерлер арқылы таратылатын экологиялық трендтер тез арада бұқаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналуы мүмкін, осылайша табиғатқа және қоршаған ортаға жауаптылықпен қарайтын жас буын өсіп жетіледі. Хештегтерді пайдалану, вирустық челлендждерді жасау және аудиторияның лайктар, репосттар және пікір жазу арқылы қызығушылығын туғызу ақпаратты жылдам таратуға және экологияның өзекті мәселелеріне назар аудартуға мүмкіндік береді. Жалпы, пікір көшбасшылары көпшіліктің назарын аудартып, оларды өзгеруге құлшындырып, саналы қоғам қалыптастыруға көмектесе отырып, оның ішінде «төменнен жоғарыға қарай» қағидаты бойынша экологиялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесіп, экологиялық күн тәртібін ілгерілетуде маңызды рөл атқарады, – деп сөзін қорытындылады Дидар Нұрлыбекұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға