Жаңалықтар

Блогер Айжан Байзақова кімді қатты жақсы көретінін айтты

Блогер Айжан Байзақова кімді қатты жақсы көретінін айтты
Фото: instagram.com/bayzakova 22.12.2023 14:17 1558

Танымал блогер Айжан Байзақова кімді қатты жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі

Ол өзінің Instagram парақшасында жолдасы Арыстан Нұрбексіз өмір сүре алмайтынын мәлімдеді.

Ол мені дуалап алған ба деп қаламын. Анам мен інім де «Айжан күйеуін бәрінен де қатты жақсы көреді» деп реніштерін білдіріп жатады. Меніңше, бұл дұрыс. Нұрбек те менен кімді (оны әлде баласы Асадулланы) қаттырақ жақсы көретінімді сұрады. Мен «әрине, сені» деп жауап бердім, - деді ол.

Оның бұл пікірі желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Айжан Байзақова «күйеуім менімен мәңгілік қалады, ал баланың ертең басқа отбасысы болады ғой» деп түсіндірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға