Жаңалықтар

Блогер «арызқойларға» шағымданамын деп сынның астында қалды

Блогер «арызқойларға» шағымданамын деп сынның астында қалды
Фото: instagram.com/bentotta 13.03.2025 13:50 277

Көлігін белгіленбеген жерге қойғаны үшін айыппұл арқалаған астаналық блогер «арызқойларға» шағымданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Блогер темір тұлпарын аулаға кіретін жерге тастап кетіп, мұны көрген тұрғындардың бірі полицияға шағымданған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары блогерге тұрақ ережелерін бұзғаны үшін айыппұл жазып берген. Алайда ол өз қателігін мойындаудың орнына «арызқойларға» шағымданып, айыппұл арқалағаны үшін ренжіген.

Нөмірімді шешіп алды. Полиция қызметкерлері келіп, көлікті белгіленбеген жерге қойғанымды айтты. Әйтпесе мына жерде қанша орын барын өздеріңіз көріңіздер, тіпті КамАЗ сыйып кетеді, - деді блогер видеосында.

Алайда қазақстандықтар оның әрекетін қолдамаған, керісінше, заң бәріне ортақ екенін және ереже бұзбау керектігін еске салды.

«Егер заң бұзғаныңды білсең, арызқойларға шағымданбай, айыппұл төлеуге дайын бол», «Өздері дұрыс істемейді, сөйте тұра ренжитін адамдарды түсінбеймін», «Жолдың қиылысында және қиылысатын жолдың шетінен 30 метрге жақын жерде көлік қоюға тыйым салынады. Ережелерді білу керек, ең бастысы, оларды сақтау керек», «Дұрыс істейді, ереже бұзбаңыз», - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері көлікті белгіленбеген жерге қойғаны үшін 5 АЕК, яғни 19 660 теңге айыппұл көзделген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bentotta 🐻 (@bentotta)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға