Блогер 100 мың лайк үшін әкесін ұрмақ болды

Фото: Ташкент облысы ІІБ
Фото: Ташкент облысы ІІБ
07.11.2024 14:50
653
Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жықпақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды.
Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды, – делінген хабарламада.
Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерінің үйіне барды