Жаңалықтар

Бизон - Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар

Бизон — дене бітімінің үлкендігі мен физикалық қуат күшінің молдығымен ерекшеленетін, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы бұқа.
22.10.2015 07:36 12368

Бизон — дене бітімінің үлкендігі мен физикалық қуат күшінің молдығымен ерекшеленетін, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы бұқа.  

Бизон - Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар

Бизон - Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар

Бизонның аталығы дүниежүзіндегі жануарлардың ішіндегі ең ірісі болып саналады.  Зубр мен бизон бір-біріне өте ұқсас болғандықтан, оларды шатастырып алу оп-оңай. Дүниенің екінші жартысы Солтүстік Америкада мекендейтін орман бизонын Қазақстанның Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданынан кездестіруге болады. Қарқаралы – орман мен көлі, жан-жануарлары мен өсімдік әлемі арқылы әркімді таңқалдыра алатын табиғатқа ие болғандықтан, «Қазақстанның Швейцариясы» атанған. Бизон Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануарларлардың бірден-бірі.

Бизон - Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар

Терісі мен етінің бағалы болуына байланысты миллиондаған жылдар бойы қуғын көрген жануарлардың саны күрт азайған. Денесінің ұзындығы – 3 метрге дейін жетсе, биіктігі – 2 метрге жуықтайды. Бұқасының салмағы 1,5-3 тоннаға дейін жетеді. Қалың қоңыр құба түбітті, басы мен желкесінде қара құба түсті бура секілді қоңырқай тартады. Жалпы ақшыл түсті бизондар өте сирек кездеседі. Ежелде Американдық индейцтер оларды қасиетті жануар деп есептеп, табынған көрінеді. Бизонның денесінің алдыңғы тұсы аса қуатты, түбіті ұзын, тұяғы аша болып келеді. Басының ұзындығы метрден асады, кең маңдайлы, жуан, қысқа мүйіздері айшықтанып маңдайының ортасына қарай доғаша иілген. Сырт көзге денесінің алдыңғы бөлігі бүкірейіп, желке түсі күжірейіп көрінеді. Салмағының ауырлығына қарамастан, бұл жануарлар шапшаң қимылдайды, сағатына 50 км жылдамдықпен жүгіре алады, яғни жылқының жүгірісімен теңбе-тең келеді. Жүгіру барысында өздеріне тән қорыл іспеттес дыбыс шығарады Құрлықта мекендегенімен, суда да жақсы жүзе алады. 

Бизон - Қарқаралының тарихын мұз дәуірімен жалғастыратын көзі тірі жануар

Көктемнің соңғы айларынан бастап күз мезгіліне дейін бизондар үшін көбею кезеңі. Дәл осы кезеңде еркек бизондар арасында нағыз шайқас басталады. Сырт көзге шайқас аса қатты емес көрінуі мүмкін, дегенмен шайқасудың соңы тіпті бір тараптың өлімімен де аяқталуы ықтимал. Буаз бизон табыннан бөлек кетіп, тоғыз айдан соң оңаша жерде бұзаулайды. Көбею процесінен тыс уақытта еркек пен ұрғашы бизондар бір-бірінен бөлек мекендейді. Ұрғашы бизондар мен бұзаулар бірге топ құрып, ал еркек бизондар дербес өмір сүреді. Топ 25-30 шақты жануардан тұруы мүмкін.

Табиғатта адамзаттан өзге, оларға қарсы шығатын қарсыластар саусақпен санарлықтай. Жыртқыштар шабуылдаған жағдайда ұрғашы бизондар бұзауларды қоршай табынның алдында жүгіреді, ал еркек бизондар арттағы шабуылдаушылардан қорғайды.

Бизондар түнде ұйқыға кетеді, дегенмен ұйқылары өте қысқа болып келеді, сондықтан олар тәулік бойы жайылып жүре береді десе де болады. Қыс мезгілінде тұяғы мен тұмсығы арқылы қар астындағы шөптермен қоректенеді. Жаз кезінде шаң-топырақта жатуды ұнататын бизондар, аунау арқылы денесіндегі паразиттерден құтылады.

Дайындаған: Құлжанбай тегі Арайлым

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға