Бұл – Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы күнбағыс алқабы. Қандай керемет көрініс иа?! Көз тоймайды. Айбар Төлеубековтің әлеуметтік желіде жариялаған көп видеосының бірі ғана. Әу баста Түркістан облысының көрікті жерлерін түсіріп, жариялаған саяхатшы-блогер бүгінде Қазақстанды аралай бастады. Жетісу облысының ғажайып табиғатын, артынша автоүйіне отырып Шығыс Қазақстанға аттанды. Ол жаққа барар жолда көрген көрікті мекеннің бәрін көрерменге видео арқылы жеткізіп отырды. Дронмен, сапалы камерамен түсірген бейнелері он мыңдаған қаралым жинап, жағымды пікірдің астында қалды. Айбардың саяхаты – елдің туризмін жандандыруға түрткі болса деп тілейміз.