Жаңалықтар

"Біздікілер - ақсаусақ". Мырзағали Айтжанов қазақ пен өзбек боксшыларын салыстырды

"Біздікілер - ақсаусақ". Мырзағали Айтжанов қазақ пен өзбек боксшыларын салыстырды
Фото: kfb.kz 20.11.2023 16:50 2883

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов «Спорт министрі» арнасына берген сұхбатында қазақ боскшыларының ең басты кемшілігін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас бапкердің айтуынша, біздің спортшыларға  жаттығудан бөлек қара жұмыспен айналысу да керек.

Жаттығу барысынан бізден асып тұрған ешкім жоқ. Барлық жерде ауызбіршілік бар. Өзбектердің бізден артықшылығы – жігіттері тәртіпті, спортшылары еңбекқор. Үйіне келіп, үй шаруасын істеп, малға қарап, жер аударып жүреді. Ал біз осы жағынан сәл осал болып тұрмыз. Біздің балалардың бәрі – қаланың балдары. Мен кейде кекетіп «байдың балдары» деп қоямын. Бәрі ақсаусақ сияқты болып кетті. Сол үшін ешкімді аямау керек. Қазақтың балдарын жұмысқа салу керек. Жұмыстан ешкім өлмейді. Күшейіп, қатайып, мықты шымыр жігіттер болады, - деді Мырзағали Айтжанов.

Сондай-ақ бас бапкер өзінің жеңілісін өзгеден көретін боксшылар туралы айтты.

Жігіттеріміздің кейбірі тойлап қойды, жүріп қалды. Сөйтіп, өзінің бабына келмей, дұрыс бокстаса алмай, мамандарды кінәлағандары өте ұят деп ойлаймын. Мен тек естімей-ақ, кім айтуы мүмкін дегенге айтып жатырмын. Сол боксшының бапкерлері айтуы мүмкін. Біреуден іздейді. Адам бірінші кезекте кінәні өзгеден емес, өзінен іздеуі керек. Кем-кетікпен жұмыс істеп, қайтадан күшті боламыз деп жатырмын, - деп түсіндірді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, бокстан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Өмірзақов Мырзағали Айтжановты бас бапкерліктен алып тастау керек екенін айтып, El.kz тілшісіне сұхбат берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға