Жаңалықтар

Біз табанды күреске дайынбыз - Ермұхамет Ертісбаев

Халық капитализмі дегеніміз – Социализм деген ұғым
Біз табанды күреске дайынбыз - Ермұхамет Ертісбаев
Фото: El.kz 30.01.2023 15:22 1939

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бірінші болудың жауапкершілігі үлкен және жүгі ауыр екендігін тілге тиек етіп, сайлауда басым болатындығын жеткізді.

«Баршаңызға белгілі, былтыр Халық партиясы Мемлекет басшысының Президент және Парламент сайлауы туралы бастамасын бірінші болып қолдады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға халық коалициясын құруды бірінші болып Халық партиясы ұсынды. Біз Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына кандидаттарды да бірінші болып ұсынып отырмыз. Біз табанды күреске дайынбыз», - деді ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Бұдан өзге, ол елімізге олигархиялық капитализм емес, халық капитализмі қажет екендігін айтты.

«Халық капитализмі дегініміз – Социализм деген ұғым. Социализм идеясы мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болар еді. Медицина бәріне тегін және ортақ болу қажет. Медициналық қызметкерлердің статусын көтеру керек», - деді төраға.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға