Біз қақтығыстар және геосаяси текетірестер заманында өмір сүрудеміз – БҰҰ Бас хатшысы
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Астана халықаралық форумының қатысушыларына жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сіздер диалог арқылы осындай мәселелерді қарастырып жатырсыздар. Біз күрделі кезеңде, қақтығыстар және геосаяси текетірестер заманында өмір сүрудеміз. Климаттық дағдарыс күшеюде және сонымен бірге орнықты даму мақсаттары бейбітшілік пен әл-ауқатқа жету мақсатының негізгі жоспары. Біз қазірге дейін көптеген жаһандық түйткілге тап болудамыз, – деді Бас хатшы.
Сондай-ақ, ол бірлесе отырып жұмыс істеу аясында бұл мәселелердің барлығын еңсере алатынына сенім білдірді. БҰҰ барлық мемлекеттермен ынтымақтастық аясында жаһандық проблемаларды шешуде бірігіп жұмыс істейтінін айтты.
БҰҰ Бас хатшысы қабылданып жатқан жаһандық ұжымдық іс-қимылдардың жеткіліксіздігін атап өтті.
Әлемдік көшбасшылар әлемдік архитектураны реформалап, маңызды саммиттерге қатысуы керек. Келесі жылы саммит біздің ортақ күн тәртібіміз шеңберінде ұсыныстарды іске асыру мүмкіндіктерін де қарастыратын болады, – деп қорытындылады БҰҰ Бас хатшысы.