Жаңалықтар

«Біз — бір елдің балаларымыз» атты көрме ашылды

«Біз — бір елдің балаларымыз» атты көрме ашылды
25.07.2018 03:45 2209

Облыстық Достық үйінде, Астананың 20-жылдығына арналған «Біз – бір елдің балаларымыз» атты көрме ашылды. Көрмеге түрлі ұлт өкілдерінен тұратын аралас некенің 25 балалары қатысты. Бұл интернационалдық отбасының әдемі балалары, оларда әр түрлі қан араласқан.

Достық үйіндегі көрменің ашылуына барлық қатысушы-балалар шақырылды. Балаларды холда Маша, қоян және аю бейнесіндегі аниматорлар қарсы алып, көңілдерін көтерді. Қатысушылар қозғалмалы ойындар ойнады, би биледі, суретке түсті, аниматорлардың  күрделі емес сұрақтарына жауап берді.

Балалардың портреттері залда қойылып, іс-шараның ресми бөлігін «Триумф» балалар сән театры ашты. Содан кейін жүргізуші Евгений Сотников бірегей көрменің кейіпкері болған, әр баламен таныстырды. Балалар жүргізушінің жанына барып, немен айналысатынын, неше жаста екенін айтып берді, ән салып, би биледі.

Мысалы, Али Керимов, бойында орыс және әзірбайжан қаны араласқан, қазақ, орыс, белорус және поляк этностарының өкілі Ростислав Рыжковпен бірге лезгинканы биледі.

Милена Толмач, удмурд, орыс және татар этносының өкілі көрермендерге әдемі ән сыйлады.

Өте көңілді және белсенді ер бала — Ратмир Грапов. Оның бойында орыс, беларус, қазақ және удмурт тамырлары бар. Бала өлең оқып, сосын үнемі  жүргізушіге көмектесті.

Кішкентай модель Лиана Хлынова жаңадан әдемі қалпын фотографтың алдында көрсете білді.

Жобаға өте сирек есімді бала Турхан Сарп Даниэль қатысты. Оның бойында орыс пен түрік қаны ағады. Баланың өзі айтып өткендей, оның Сапр деген есімі өжетті деп аударылады.

Равиль Уразбаев, татарлар, қазақтар, тіпті, мордва ұлт өкілдерінің қаны тараған бала — болашақ футболшы. Әлем чемпионаты барысында ол Ресейге жанкүйер болған, ал Мессиді ең үздік футболшы деп санайды екен.

Украин, неміс және мордва этностарының өкілі Таисия Шевелева гимнастикамен айналысады және шпагатты оңай жасады. Жүргізуші оның жасаған шпагатын қайталай алмады. Әрбір қатысуш — бала  қостанайлық авторлардың ертегілер кітабын алды. Ал Айсұлу Туткушеваның вокалдық студиясы балаларға музыкалық сыйлық сыйлады. Мереке соңында әр бала балмұздақпен тамсанды.

Фотокөрме бір ай жұмыс істейді, оны Алтынсарин көшесі, 115 мекенжайы бойынша, Достық үйінде көруге болады.

Жоба туралы: бір жарым ай бойы әлеуметтік желілерде облыстық Достық Үйінің байқауы өтті. Конкурстың басты шарты бала түрлі ұлт өкілдерінен тұратын аралас некеден болуы. Қатысушылардың саны көп болды, бүкіл облыс бойынша  76 баланың фотографиялары жіберілген. Халықтық дауыс беру арқылы үш жеңімпаз таңдалды: Лиана Хлынова, Аделина Жаканова мен Айлин Булатхан. Сондай-ақ, түсірілімге конкурстың ұйымдастыру комитетіне қызықты және есте қалатындай деген, тағы 22 бала шақырылды. Достық Үйінің мамандары дайындаған фотокөрме мен фотокітаптың басты кейіпкерлері де дәл осы балалар болды.

«Біз — бір елдің балаларымыз» атты фотожобасының идеясы облыстық Достық үйінің «Бірлік» әзірбайжан қауымына тиесілі. Осы этномәдени бірлестігінің белсенділері, 2016 жылы интернационалдық отбасы балаларының портреттер палитрасын көрсетуді ұсынды. Бірінші жобада 10 жасқа дейінгі 25 бала қатысты. Ең кішкентай модель Теоне Шеремет, орыс, мордва және өзбек қаны қосылған балақай сол кезде  барлығы 10 айлық болатын. Белгілі қостанайлық фотограф Георгий Шаповалоавтың авторлығындағы суреттерінде бейнеленген түрлі ұлт өкілдерінен тұратын аралас некенің балалары Қазақстан халқы Ассамблеясының айқын үлгісі болды. Жобаның кішкентай қатысушылары қолдарында Қостанай ауданынының елтаңбасын әшекейлеген көктемнің символы - қызғалдақтарды ұстады. Фотожобаның тұсаукесері 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға