Жаңалықтар

«Біз алаңдаулымыз». Депутат Митталдың орнына келген Лаврентьевтің жұмысын сынға алды

«Біз алаңдаулымыз». Депутат Митталдың орнына келген Лаврентьевтің жұмысын сынға алды
Фото: parlam.kz 29.04.2024 11:36 3885

Мәжілісте «Жаңа өнеркәсіптік саясат – өңдеу өнеркәсібін дамытудың сапалы жаңа моделі» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр. Отырыста депутат Анас Баққожаев Қарағандыдағы шахталардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды металлургиялық комбинатын біз қайтарып алған кезде бүкіл қоғам қуанды. Себебі көптеген цехтар енді металдың сапасы түзеледі, оның бағасы жақсарады, біз әртүрлі бұйым шығарамыз деп ойлады. Ауыл шаруашылығын айтсақ, оның ішінде тамшылап суаруды қолға алған қаншама цехтар бар. Міне, осы кәсіпорын – біздің экономикамызға ең үлкен ықпал ететін кәсіпорын. Миттал мырза соның барлық рәсуасын шығарып кетті. Енді жаңа инвестор пайда болды, Лаврентьев мырза. Сол Лаврентьев мырза 3,5 млрд доллар құямын деді. 2024 жылы ол 1,13 млрд доллар құямын деді. Міне, мамыр айы болды. Осы жылы аталған ақша түсе ме? Лаврентьев мырзаның уәдесі қандай міндеттемемен бектілді және сол ақша келіп түссе, ең бірінші ретте нені қолға алады? Біз осыған алаңдаулымыз, - деді мәжілісмен.

Депутаттың бұл сауалына өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді.

Қарағандыдағы темір өндіретін кәсіпорында (Qarmet) 30 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Бұл экономикаға нақты әсер ететін кәсіпорын. Ең алдымен (Qarmet АҚ директорлар кеңесінің төрағасы) Андрей Лаврентьев 33,5 млрд теңге инвестиция саламын деп уәде берді. Бұл қаржыны қайда бағыттаймыз?
Біріншіден, экологияға байланысты. Мысалы, қазір домна пеші тек көмірмен жұмыс істейді. Оны газға айырбастауға болады. Қазіргі таңда осындай жоспарымыз бар. Жоспар бойынша келесі жылы осы жұмысты аяқтаймыз. Бұл экологияға жақсы әсер етеді. Себебі, көмірді пайдалану азаяды.
Екіншіден, қазіргі таңда тауардың линейкасы өте аз. Оны арттыруымыз керек. Инвестиция осы мақсатқа бағытталады.

Үшіншіден, мысалы, Қазақстан басқа өнеркәсіп орындарымен салыстырғанда арнайы марка бойынша басқа елдерден эспорттап жатыр. Осындай арнайы марка Qarmet-і келешекте жасайды. Осындай жоспарымыз бар. Инвестиция осы бағытқа бөлінеді, - деді министр.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, бүгінде шахтерлердің жалақысы көтерілді. Қазір өңірде өндірілетін өнімнің көлемі өсіп жатыр. Мысалы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өнімнің көлемі біршама артты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға