Жаңалықтар

Биылғы жарты жылда қонақүйлер 100 миллиард теңге табыс тапқан

Биылғы жарты жылда қонақүйлер 100 миллиард теңге табыс тапқан
Фото: © ОКҚ 20.10.2023 15:28 875

Биылғы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 3,1 миллион қазақстандық турист саяхаттады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 400 мыңға артық. Ол айтарлықтай өзгеріс. Ел ішінде демалатын азаматтардың қатары біртіндеп артып келеді. Жыл соңына дейін 9 миллион ішкі турист болады деп болжап отырмыз, - деді Ержан Мәлікұлы.

Вице-министрдің сөзінше, ішкі туристерден бөлек, шетелдік туристердің де саны өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда шетелдік туристер саны 2 есеге артқан. Атап айтқанда, 2022 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 292 мың шетелдік саяхатшы келсе, осы жылы 516 мыңнан астам турист саяхаттады.

Туристер санының өсуі турбизнес үшін табысты. Жарты жылда қонақүйлер 100 миллиард теңге тапты. Оның құны өткен жылмен салыстырғанда 30 миллиардқа артық. Сондай-ақ турбизнес дамыса, салық та көп түседі. Биылдың қорытындысы негізінде туризмнен 400 миллиард теңге салық түседі деп жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті ол.

Ержан Еркінбаевтың айтуынша, өткен жылдың мәліметі бойынша туризм саласы жарты миллион адамды жұмыспен қамтып келеді. Салаға тартылған инвестиция көлемі де артуда. 2022 жылдың қорытындысы негізінде инвестиция көлемі 513 миллиард теңге болған. Биылғы инвестиция 8 айда 312 миллиард теңгені құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға