Жаңалықтар

Биылғы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады – министр

Биылғы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады – министр
Фото: t.me/KZgovernment 06.06.2023 10:48 726

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемгі егіс жұмыстарының барысымен таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Бүгінгі таңда облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша, көктемді дала жұмыстары, Ұлытау облысын қоспағанда, елдің барлық өңірінде аяқталды. Ұлытау облысында егіс кезеңінде жауын-шашынның көп боулына байланысты егіс жұмыстары созылды. Бұл жұмысты аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Биыл әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Бұл былтырғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы 20,9 млн гектарды құрады, - деді ол Үкімет отырысында.

Масақты дақылдар 15,6 млн гектар алаңға егіліп, егіс толығымен аяқталған.

Майлы дақылдар алаңы бойынша жоспар 3,3 млн гектарды құрады. Жұмыстардың жоспары 97,7 пайызға аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы СҚО бойынша 50 мың гектарға, Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға, Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды. Ақтөбе облысында майлы дақылдар алқабы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Ал БҚО-да жоспарланған өсімнің орнына 37,5 мың гектар егіліп, ал алаң 16 мың гектарға қысқарды, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол картоп, қант қызылшасы, мақта және күріш егу жұмыстары толығымен аяқталғанын атап өтті.

Бұған дейін Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталғанын мәлімдеген

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға