Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4% құрады
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
17.12.2024 17:45
238
ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр бүгінде ел экономикасы өсу жолында екенін атап өтті.
Мен бүгін Мемлекет басшысына еліміздегі ағымдағы экономикалық жағдай туралы баяндадым. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4% құрады. Өздеріңіз білетіндей, мұнай секторында тұрақсыздық сақталуда. Биыл 2 млн тонна мұнай кем өндірілді. Соған қарамастан отандық экономика шикізаттық емес сектордың есебінен өсіп келеді. Бұл экономиканы әртараптандырудың арта түскенін білдіреді. Президент экономиканы одан әрі дамыту жөнінде тиісті тапсырмалар берді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар біршама нәтиже бергені атап өтілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік саласындағы өсім жылдық жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Олжас Бектенов артта қалған салалар бойынша резервтерді іске қосу қажеттігіне назар аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға