Жаңалықтар

Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды

Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды
Фото: t.me/KZgovernment 09.07.2024 10:30 642

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев аталған салада қолға алынған жобалар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, бүгінгі күні жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады.

Қазіргі таңда республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 92%, ал жергілікті желінің көрсеткіші 87%-ды құрап отыр.

Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жоспарға сәйкес 1 955 шақырымды құрайтын 4 автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальтбетон зауыты, 1 656 бірлік техника және 3,3 мың жұмысшы жұмылдырылған:

Ұзындығы 879 шақырым болатын «Қарағанды – Алматы» жолының 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасуда. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі;

жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» автожолының 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты, ал үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген;

шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жоба бойынша жұмыстардың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізілуде;

сондай-ақ ұзындығы 368 шақырым болатын «Атырау – Астрахань» және «Ақтөбе – Қандыағаш» жобалары іске асырылуда. Бүгінгі күні 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде.

Жалпы осы жылдың соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға