Биыл шағын және орта бизнес субъектілері 1,4 млрд теңге сомасына 364 грант алды

Үкімет бизнесті ынталандыру үшін ауқымды қолдау шараларын жүзеге асырып жатқаны белгілі. ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында ШОБ-ты қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шаралары:
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
Несиелер бойынша ішінара кепілдік беру
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
ШОБ объектілері мен индустриялық аймақтарға инфрақұрылым жүргізу
Биыл 678,4 млрд теңгеге 9 079 жоба субсидияланған.
269 млрд теңге сомасына 6 952 жоба кепілдендірілді. 1,4 млрд теңгеге 364 грант берілді. Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша 23 жобаны іске асыру үшін 15 млрд теңге бөлінді, - деп атап өтті ведомствода.
Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметтері аудандық деңгейдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 189 орталықтардың базасында «офлайн» режимде және www.G4B.kz. веб-порталы арқылы «онлайн» режимінде ұсынылады. 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 37 523 кәсіпкерге 124 662 кеңес берілді.
