Жаңалықтар

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.10.2023 16:15 2179

Биыл Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына 35 жыл толды. El.kz  ақпарат агенттігі назарларыңызға «Қызыл сұңқар» ақынының музейінен фоторепортаж ұсынады. 

Музейдің жанынан Сәкен ақынның ескерткішін көруге болады. Ескерткіш 1994 жылы 100-жылдық мерейтойға орай орнатылған. 

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Бұл ғимарат Астананың оң жағалауындағы Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан. Атақты революционер осы ғимаратта жұмыс істеген. Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары бұл Ақмоланың ең бір көрікті көшелерінің бір болған. Сәкен жұмыс істеген уақытта ол көше Октябрь көшесі деп аталса, қазір  Мұхтар Әуезов есімі берілген.

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Ақын сол жерден алыс емес, Амангелді Иманов көшесінде тұрған. Бұрын «Артем» қазір «Астаналық» деп аталатын базарға барып, сауда жасап тұрғаны жайлы да деректер бар.Сәкенге музейдің атын ақталғаннан кейін 30 жылдан соң, 1988 жылы берген.  

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

 Суретте Сәкен Сейфуллиннің Ақмолада тұрған үйінің макеті көрсетілген. 

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж 

Суреттегі Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары мен киімдері 

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Музейдегі мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған сиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар және құнды жәдігерлер 6 залда көрініс тапқан. Солардың ішінде Левон Мирзоян сыйға тартқан жазу машинкасы ерекше көзге түседі. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы, фотосуреттері ғимарат төрінен орын тапқан. 

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Суретте Ахмет төре ауылындағы Сәкен Сейфуллин ашқан мектептің макеті көрсетілген. 

Биыл Сәкен Сейфуллин музейіне 35 жыл – фоторепортаж

Сәкен Сейфуллин музейінің қазіргі басшысы тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов. Ақынның жерлесі. Бұған дейін музейді 2010-2022 жылдар аралығында жақында өмірден озған Несіпбек Айтұлы басқарды.

Ақынның артында  «Өткен күндер», «Бақыт жолында», «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқындары», «Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат», «Социалистан», «Жер қазғандар», «Қызыл сұңқарлар», «Ақсақ киік», «Ананың хаты», «Бурабай», «Біз», «Біздің жақта», «Қырда», «Тергеген болсаң айтайын», «Орман» атты өшпес туындылар қалды. 

Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!, деп жырлаған ақынның әлі ашылмаған сырлары да көп. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға