Жаңалықтар

Биыл республикалық күре жолдарға 3,4 млн тонна асфальт төселді

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті
Биыл республикалық күре жолдарға 3,4 млн тонна асфальт төселді
Фото: gov.kz 23.11.2022 17:47 1201

Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мыңдай шақырым республикалық маңызды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салынып жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаңғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа және күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жұмыс Қарағанды – Балқаш – Алматы, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай, Атырау – Астрахань,  Ақтөбе – Қандыағаш, Өнеге – Бисен – Сайхин және басқа да трассаларда қолға алынған.

Бір маусымда республикалық автожолдарға 3,5 млн тонна асфальт төселді. Мәселен, маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тас жолының 128 шақырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 8 учаске қамтылды. Қазір 363 шақырымның 281 шақырым жерінде жол қозғалысы қамтамасыз етілген. Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір 4 шақырым ғана.

Сонымен қатар Қызылқой мен Нұраталды ауылдары арасындағы күрделі учаскеде екі жолақты жол қозғалысы ашылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға