Жаңалықтар

Биыл Рамазан айы қашан басталады

Биыл Рамазан айы қашан басталады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 30.01.2025 11:30 406

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалуына орай дәстүрлі күн сайынғы хабарлама таратуды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Дегенмен, Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн. 

Биыл Рамазан айы қашан басталады

Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек. 

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтырып қойған абзал екенін ескертеді. Сонымен қатар, ақшалай қарыздарды да қайтарып қойған жөн. 

Оразаға қатысты парыз бен сүннеттерді, оразаны бұзатын, бұзбайтын амалдарды, оразадағы жеңілдіктерді тағы бір мәрте оқып-біліп алған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға