Биыл қазақстандықтарға 549 млрд теңге зейнетақы төленді

Фото: КазТАГ
Фото: КазТАГ
24.03.2023 10:24
1109
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, елімізде 2 млн 292 мың зейнеткер бар.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңгені құрады. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге, - делінген хабарламада.
2018 жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 100% белгіленеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Фотобайқау: Наурыздағы Отырар кереметі