Биыл Қазақстанда шегірткемен күреске 7 млрд теңге қаражат бөлінді
Бүгінгі Сенат брифингінде премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкіметтің көктемгі егіс маусымына дайындыққа және шегірткемен күреске бөлген қаржы көлемін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтырғы проблемаларды есепке алдық, 7 млрд теңге қаражат дайын. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай жағдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын, – деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар.
Айта кетейік, 2024 жылы шегірткемен күресу үшін 8 млрд теңге бөлінген еді.