Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда 1500 адам әскерге шақырылады

Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы қоғам талқысына ұсынылды
Биыл Қазақстанда 1500 адам әскерге шақырылады
Фото: aikyn.kz 30.01.2023 16:30 1156

Қорғаныс министрінің 2023 жылы Қазақстанның әскери міндетті 1500 азаматын әскери жиындарға шақыру жөніндегі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Еске салайық, 2022 жылы да 1500 азаматты әскери жиындарға шақыру хабарланып, тамыз – қазан айлары аралығында әскери жиындарға 300-ден астам адам тартылды. Олар Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарында заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды қолдану тәсілдерін меңгерді.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери жиын кезінде оған шақырылған азаматтың жұмыс орны, лауазымы, орташа айлық еңбекақысы сақталады. Ал әскери жиын ақталған соң, азаматтар біліктілігін растау үшін емтихан тапсырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға