Жаңалықтар

Биыл Қазақстан экономикасы 4,3% өсті

Биыл Қазақстан экономикасы 4,3% өсті
Фото: exp.idk.ru 14.03.2023 10:54 2768

Үкімет отырысында қаңтар, ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы тыңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биылғы қаңтар, ақпан айларында Қазақстан экономикасы 4,3%  өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 5% құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады. Әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғарғы өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2% құрады. Инвестиция нарығында көлік және қоймалауда 72, 8% ауыл шаруашылығы 33%,  жылжымайтын мүлікпен операциялар 12,1%, сондай-ақ өнеркәсіпте 14,1%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 12,2%, өңдеу өнеркәсібінде 7,2%-ке өсті, – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы.

Өңірлер арасында Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарында ең жоғары өсім байқалады.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы қаңтарда сыртқы тауар айналымы 15,7% өсіп, 10,3 млрд доллар болды. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4% өсіп, 6,1 млрд долларға жетті. Өңделген тауарлар экспорты 21,5% ұлғайып, 2,1 млрд долларды құрады. Тауарлар импорты 4,2 млрд долларға жетті, - деді Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға