Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады
![Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады](/storage/storage/element/2025/01/05/mainphoto/136612/1200xauto_sftMMMpeMgleoxbq0Yh820oFgW2m73AvEs3HMdAs.jpg)
Қазақстанда қант диабетімен күреске жұмсалатын қаражат көлемі жыл санап өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Егер 2021 жылы қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға 31 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 56,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі сатып алынған. Ал 2025 жылғы жоспар – 70 млрд теңге. Жыл сайын қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек шығындарының көлемі жыл сайын 24 пайызға артып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны жарты миллионнан астам (522 224):
І тип: 29 889 (5%),
ІІ тип: 492 335 (95%).
2024 жылы қант диабетін анықтау бойынша 1,6 миллион адам скринингтен өтсе, олардың 10 пайызынан гипергликемия белгілері анықталған.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)