Жаңалықтар

Биыл қандай жолдар салынады

Биыл қандай жолдар салынады
Фото: t.me/KZgovernment 04.02.2025 12:42 88

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сәуір айынан бастап «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолдары және «Сарыағаш қаласы айналма жолын» салуға кірісуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» және «Сарыағаш қаласы айналма жолын салу» жобаларының дайындық деңгейі жоғары. Жалпы қаржыландыру мәселесі де шешімін тапты. Бірақ әкімшілік рәсімдер созылып кетті. Көлік министрлігіне осы жылдың сәуір айынан бастап құрылыс жұмыстарына кірісуді тапсырамын, — деп атап өтті премьер-министр.

Жолдарды сақтау үшін ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату тапсырылды

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша норматив асып кеткен жағдайда көлік жолдарға жіберілмейді.

Автожолдардың нормативтік жағдайын сақтау – басым міндеттің бірі. Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды тапсырамын.
Сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмысын жеделдетіп, нормативтен асып кеткен жағдайда, жолға шығуына рұқсат бермеген жөн, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға