Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді
Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен 2019 жылы іске қосылған Президенттік жастар кадр резервін құру дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға мол мүмкіндік берді. Бұл жоба аясында іріктеу биыл да өтеді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттіктің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырыс барысында төраға Дархан Жазықбай резервті одан әрі жетілдіру жоспарларын айтты. Болашақ резервшілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне қатысты ережелерді нақтылау ұсынылады.
2025 жылдан бастап резерв мүшелері тек саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындау жоспарлануда. Резервтің негізгі міндеті – мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге дайын білікті жас мамандарды іріктеу. Сондай-ақ былтыр Президент тапсырмасын орындау аясында жергілікті органдардың кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Өңірлік кадр резервтеріне жүргізілген іріктеу қорытындылары жарияланды.
Өткен жылдың қыркүйек айында аяқталған іріктеу нәтижелері бойынша Өңірлік резервке қабылданған 505 адамның 76-сы жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының лауазымдарына конкурстан тыс орналасты.
Өңірлік кадр резервінің мақсаты – аймақтардағы білікті әрі білімді жастарды мемлеккеттік қызмет жүйесіне тарта отырып, олардың әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған.