Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы 60 пайызға дейін өсті
Фото: El.kz
Фото: El.kz
22.05.2023 09:51
1049
Биыл ТЖМ өрт сөндірушілерінің жалақысы 60 пайызға дейін көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы төрт жыл ішінде ТЖМ өрт сөндірушілерінің жалақысы жыл сайын артып отырды. Атап айтқанда, 2020 жылы 65 %-ға, 2021 жылы 10 %-ға, 2022 жылы 3 %-ға, 2023 жылы 60 %-ға көтерілді. Сондай-ақ, төтенше жағдайға жедел ден қоюға тұрақты дайындығы үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемеақы енгізілді.
ТЖМ құтқарушыларының да жалақысы артқан. 2022 жылы 23 %-ға, 2023 жылы 18 %-ға көтерілді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап құтқарушыларға денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық жалақының 70 % мөлшерінде қосымша ақы енгізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада үш көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады