Биыл инвестиция көлемі 19,2%-ға өсті: Ең көбі Атырау облысына тартылған

Қазақстан Республикасында барлық меншік нысанындағы ұйымдардың жаңа негізгі қорлардың сатып алуына 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 1616,4 млрд теңге бағытталды, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың (салыстырмалы бағамен) 19,2%-ға өсуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы республиканың 19 өңірінде тіркелді. Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың азаюы (4,5%-ға) Абай облысында байқалды.
Инвестицияның негізгі үлесі Атырау облысына (26,2%) тартылған.
Салалар бойынша 2023 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым үлесі өнеркәсіп (53,1%), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (39%), көлік пен қойма (9,5%), жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларға (21%) тиесілі болды.
