Жаңалықтар

Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 5552 стихиялық қоқыс анықталды

Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 5552 стихиялық қоқыс анықталды
Фото: gov.kz 15.11.2023 08:23 642

2018 жылы ҚР ЦДИАӨМ қатты тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингін іске асыру бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғарыштық мониторинг нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін мамандандырылған геосервис https://waste.gharysh.kz/ құрылды, онда мемлекеттік қызметтер мен ұйымдарды қалдықтарды сақтау орындары бойынша мониторингтік ақпаратпен қамтамасыз ететін карталары бар веб-сайт бар.

Сондай-ақ, геосервисте келесі маңызды құралдар қолжетімді: белгілі бір критерийлер бойынша (қоқыс түрі, сурет түсірілген күн, аумақтық тиесілілік, департамент және т.б.) жалпыланған статистикалық ақпаратты шығару мүмкіндігі;  экология департаменттері қызметкерлерінің қалдықтарды жою туралы кері байланыс жасау мүмкіндігі. Алынған деректерді Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қадағалайды, сондай-ақ аумақтық экология департаменттері қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырады.

«Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ 39 аймақты (қамту радиусы 10-нан 50 шақырымға дейінгі республикалық маңызы бар қалаларды, облыс орталықтарын, ірі елді мекендерді, Баянауыл, Қарақаралы ұлттық табиғи парктерін қамтитын) және 272 мың шаршы шақырымнан астам аумақты қамтитын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарына ғарыштық мониторинг жүргізеді. Мониторинг кезінде KazEOSat-1 отандық ғарыш аппаратынан алынған жоғары кеңістіктік ажыратымдылығы бар суреттер пайдаланылады.

Жыл сайын мониторинг кезеңі наурыздан қыркүйекке дейін өтеді. Қалдықтарды орналастыру орындарын тек жылы мезгілде анықтауға болады, өйткені қар басқан суреттер бақылауға жарамайды.

Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша 5552 санкцияланбаған, 682 санкцияланған және 389 шекарасы бұзылған қоқыс үйінділері анықталды. Анықталған қоқыс объектілері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің http://www.waste.gharysh.kz/ және http://www.wasteopen.gharysh.kz/ (бұдан әрі – геосервистерде) күн сайын жарияланады және онлайн режимінде қол жетімді.

Геосервис арқылы алынған мәліметтерді ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті бақылайды, аумақтық экология Департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуде.

Жыл сайын стихиялық қоқыс үйінділері азайып келеді, бірақ тұрғындар қоқыстарды әдеттегі орындарына тастайды және біраз уақыттан кейін стихиялық қоқыс үйінділері пайда болады.

Көбінесе тұрғындар олардың қоршаған ортаға келтіретін зиянын немесе қалдықтарды кәдеге жаратудың дұрыс жолдары туралы ақпаратты білмеуі мүмкін.

Сондай-ақ, қалдықтарды кәдеге жарату үшін инфрақұрылымның болмауы салдарынан стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуда. Егер аймақта жеткілікті жинау орындары, қайта өңдеу зауыттары немесе кәдеге жарату жүйелері болмаса, тұрғындар қалдықтарды кәдеге жарату үшін басқа орындарды іздеуге мәжбүр. Бұл жаңа стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Бүгінгі таңда салалық геосервис http://www.wasteopen.gharysh.kz әрбір интернет пайдаланушысы үшін қолжетімді, ол ғарыштық мониторинг негізінде анықталған стихиялық қоқысты бақылауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға