Биыл елімізде тұңғыш рет «кітапханашы күні» ресми түрде аталып өтіп жатыр
24 қазан - кітапханашылар күні
Кітапханадағы еңбек жолын «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында бастаған мамандарымыздың бірі - Сағатбекова Мәншүк Мазанқызы. М.Сағатбекова 17 жыл ішінде анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету бөлімінде қатардағы кітапханашыдан бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Кітапханашы – мәртебелі мамандық. “Себебі, кітапхана – мәдениет ошағы. Ақыл-ой мен білім-ғылымның қайнар көзі, ордасы. Мұнда адамның ой-өрісін кеңейтуге, рухани дамуына мүмкіндік мол. Сол себепті, мен өз мамандығыма үлкен құрметпен қараймын және еліміздің барша кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын!», – дейді маман.
Бүгінде «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында 54 маман қызмет етеді. 1932 жылы негізі қаланған кітапхана 7 бөлімнен тұрады. Қор көлемі 6 млн-нан астам кітапты құрайды.
