Биыл елімізде 22 мыңнан астам жол апаты тіркелген

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
14.11.2024 14:22
419
ІІМ мәліметінше, 2024 жылы елімізде 22 мың жол-көлік апаты тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, жол апатынан 2 мыңнан астам адам қайтыс болып, тағы 25 мыңнан астам адам жарақат алған.
Жол апаттарының негізгі себебі – жылдамдықты асыру. ЖКО және зардап шеккендер көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруіне байланысты. Себебі қазір денсаулығына залал келсе де, келмесе де, жол апатынан соң медициналық мекемеге барған барлық адам тіркеледі, - деді спикер.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді