Жаңалықтар

«Биыл да қуаңшылықтың беті қайтпайды». Депутат шаруалармен кездесті

«Биыл да қуаңшылықтың беті қайтпайды». Депутат шаруалармен кездесті
Фото: Мәжіліс 12.01.2024 13:10 1033

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов өңірлерге сапары аясында Жамбыл облысының Қордай ауданында болып, шаруа қожалық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Депутат Парламент қабырғасында жүріп жатқан бірқатар заң жобасы бойынша нақты мәліметтер беріп, тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, шаруа қожалық басшылары Ерболат Саурықовқа субсидия алу кезінде қиындықтар бар екенін айтып, оның барлығына бірдей беріле бермейтініне қынжылатындығын жеткізді.

Шаруалардың айтуынша, үлкен фабрикалар субсидияға қол жеткізсе, шағын бизнес өкілдері субсидиядан қағылып қалады. Осы орайда, «Ауыл» партиясы ұсынған Агробанк құруды қолдайды.  Бұдан бөлек, қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде үлкен мәселеге айналып отырған су тапшылығы да талқыланды. Шаруалар су басында отырып, су ала алмайтындарын айтып, келесі жылы қуаңшылық қайта соқса, күн көрістері қиындайтынын алға тартты.

Суды барынша үнемдеу қажет және егін еккенде тиімділікке ұмтылу керек. Себебі, ғалымдар алдағы жылдары қуаңшылықтың беті қайтпайтынын айтып дабыл қағуда, – деді депутат.

Одан әрі Қордай ауданындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына, «Балауса» жазғы-сауықтыру лагеріне, «Дәурен-ай» шаруа қожалығына барды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға