Жаңалықтар

Биыл бұралқы иттер 300-ге жуық адамға шабуыл жасаған

Биыл бұралқы иттер 300-ге жуық адамға шабуыл жасаған
Фото: El.kz 26.04.2023 15:20 1276

ШҚО-да жыл басынан бері бұралқы иттерден 300-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл өңір бойынша 400-ге жуық адам түрлі жануарлардан зардап шеккен.

Оның ішінде қаңғыбас ит қауып алғандар саны көп. Зардап шеккендердің барлығына құтырмаға қарсы екпе салынды.

«Иттерден – 270 адам, мысықтан – 97 адам, қасқыр мен түлкіден – 1 адамнан зардап шекті. Оның ішінде құтыру ауруы тіркелген жоқ. Облыстың барлық аудан-қаласында бұл ауруға қатысты тәуекел тобындағы азаматтарға жоспарлы түрдегі вакцина салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 65 адам екпе алды», - дейді департамент басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте бұралқы иттердің адамдарға шабуыл жасауына жол бермеу керектігін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға