Биыл «Болашақ» бағдарламасына 555 стипендия бөлінді
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
17.02.2023 15:20
934
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.
Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.
Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.
Жиын соңында Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2022 жылы жалпы ішкі өнімнің индексі 103,2% құрады
Келесі жаңалық
Алатау қаласын дамыту мәселесі талқыланды