Жаңалықтар

Биыл Астанадан қанша адам әскерге аттанады

Биыл Астанадан қанша адам әскерге аттанады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 04.03.2025 21:16 115

1 наурызынан бастап Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке көктемгі шақыру басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордадан әскерге шақырылған 1 мың азамат әскери борышын өтеуге жіберіледі. Бұл туралы Астана қаласы Қорғаныс департаменті басшысының орынбасары Әнуар Әубәкіров Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. 

Спикердің сөзінше, қазақстандықтарды 2025 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру әскерге шақырылушылар санының артуы, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мәселелерінің жүзеге асырылуымен, сондай-ақ тіркеу және шақыру жұмыстарын цифрландырумен байланыстырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында, сондай-ақ әскерлердің қажеттілігіне сәйкес 2025 жылы осы санаттағы азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру 2000-ға жуық адамға ұлғайтылды. Сонымен бірге, осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында мерзімді әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау бойынша шақыру және дәрігерлік комиссиялар жұмыс істей бастады, - деді Әнуар Әубәкіров.

Оның мәліметінше, Астанадан әскери қызметке 1 мың жаңа сарбаз жіберіледі.

Биыл әскерге шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы жігіттер шақырылады.

Әскери қызмет әрбір жас азамат үшін заң жүзінде бекітілген міндет екенін және оны орындамау барлық қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салғым келеді, - деп еске салды ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға