Жаңалықтар

Биыл Астанада 60 мың жұмыс орны құрылады

Биыл Астанада 60 мың жұмыс орны құрылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 15.07.2023 23:31 1005

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаламызда тұрғындарды, оның ішінде түлектер мен жастарды жұмысқа орналастыруға арналған бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен биыл бизнес, әкімдік және білім беру институттарының ынтымақтастығының арқасында 60 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз.

Мәмбетов көшесіндегі Арбат аумағында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл – биыл жастарға арналған 16-шы жәрмеңке. Бүгінгі жәрмеңкеге 70 жетекші компания мен ұйым қатысты. Олар: Қазпошта, ҚТЖ, Astana HUB, Самұрық Қазына, ERG, банктер, медұйымдар, оқу орталықтары және т.б. Түрлі қызмет салаларында 1300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Аталған жәрмеңкені Amanat партиясы біздің басқармалармен бірлесе ұйымдастырды, - деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға