Биыл әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
31.01.2025 16:58
107
Биыл әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, арнаулы әлеуметтік қызметтердің әлеуетті алушыларын есепке алу және мониторингтеу жөніндегі өңірлік картаны өзектендіру жоспарлануда.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. Меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер лицензиялауға жатады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бойынша жаңа тәсілдер қайта қаралып, енгізіледі. Бүгінде жүйелеу және есепке алу үшін әлеуметтік қызметкерлердің арнайы тізілімі жасалды. 12 167 әлеуметтік қызметкердің 11 616-сы оқып, 9 429 адам сертификат алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Абай облысында 200 көлік жолда тұрып қалды