Жаңалықтар

Биыл 950 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылады

Жыл басында өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітілді
Биыл 950 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылады
Фото: 24.kz 23.02.2023 07:52 874

Биыл 950 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылады, деп хабарлайды El.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басында өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітілді. Оған сәйкес 950 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 231,3 мыңы – Ұлттық жобаларды іске асыру арқылы, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына, 341,8 мыңы – Мемлекет Басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде, 320,4 мыңы – жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналастыру.

20 ақпандағы жағдай бойынша 117 мыңнан астам азамат жұмыс орындарына ие болды. Ұлттық жобалар аясында 73 мыңнан астам адам жұмысқа қабылданды. Мемлекет Басшысының бастамасын іске асыру бойынша жұмыс орындары 15,8 мың адамға ұсынылды, ал бос жұмыс орындарына жұмыс берушілерден 28,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, – дейді вице-министр Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық шараларды адам жұмыспен қамту орталығына келіп қана қоймай, Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz. порталы арқылы да қашықтықтан ала алады.

Халықтың осы мүмкіндіктер туралы хабардарлығын арттыру үшін жақында SMS-жіберілім тексерілді. 12 мың жастар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы басқа да қолдау шаралары туралы ақпарат алды. Олардың 5 мыңға жуығы Enbek.kz. сайтқа кірді бірнеше жүз адам Call-орталыққа қоңырау шалды. Қазірдің өзінде 101 адам жұмысқа орналастырылды: 25-і тұрақты жұмыс орындарына, 76-сы уақытша жұмыс орындарына, ал 39-ы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды бастады, - деген мәліметпен бөлісті ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға