Жаңалықтар

Биыл 91 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылған

Биыл 91 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылған
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 19.12.2023 17:10 815

Жыл басынан бері 91 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды El.kz   ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, 2013 жылдан бері кәмелетке толмағандардың өздері жасаған қылмыстардың саны 60%-ға қысқарды. Алайда биылғы жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша қылмыс саны 11%-ға өсті.

Қылмысқа ата-аналар тарапынан балалардың мінез-құлқын тиісті бақыламайтыны себеп болады. Статистикаға сәйкес, әр 4 қылмысты кәмелетке толмағандар түнде ата-аналарымен бірге үйде болу керек кезде жасайды. Жыл басынан бастап 91 мыңнан астам ата-ана, сондай-ақ 1,6 мыңға жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Қайсар Сұлтанбаев жасөспірімдер арасында буллинг барын ашық айтқан еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға