Биыл 600 мың қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі
![Биыл 600 мың қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі Биыл 600 мың қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі](/storage/storage/element/2025/01/06/mainphoto/136738/1200xauto_2hlR5lab0L3awybeRZrS22TcLyTPRggTPG6BwUb3.jpg)
2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалақыны көтеру келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге әсер етеді:
Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды, - деп хабарлайды министрлік.
Мәселен, сарапшылар 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өсетінін түсіндірді.
Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банк айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақылар – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)