Жаңалықтар

Биыл 475 мыңнан астам балаға әлеуметтік көмек берілді

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі мәлім етті
Биыл 475 мыңнан астам балаға әлеуметтік көмек берілді
Фото: zhaikpress.kz 30.12.2022 16:23 1692

2023 жылы 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық балалабақшаларда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балалар жергілікті бюджет есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл аз қамтылған отбасы балаларына төленетін қаржы көлемін ұлғайту мен монетизацияға қатысты Қазақстан Республикасын үкіметінің №64 қаулысына енгізілген өзгерістер нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда белгіленген қаржы екі есеге артып ата-аналардың шоттарына аударылды. Осыған орай әлеуметтік қорғалмаған топтарға жататын отбасылардан шыққан 475 мыңнан астам балаға керекті киім-кешекпен және оқу құрал-жабдықтарымен қамтылды», - деді вице-министр.

Биыл елімізде 1-11 сыныпта оқитын жекелеген санаттағы 100 % ыстық тамақпен қамтылғандар саны 161 294 балаға артқан. Бұл санаттағы ыстық тамақпен қамтылған балалардың жалпы саны 442 064 оқушыны құрайды.

«1-4 сыныптың барлық оқушыларын бір реттік тегін ыстық тамақпен Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстары толық қамтып отыр. Ал, Маңғыстау мен Ақмола облыстары 1-ші сыныптың барлық оқушыларын бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтыған. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасады.», - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет 25 мыңнан аса баланы оқу орындарына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарын жаңарту жұмыстары қолға алынды. Осы тұста, әкімдіктер жаңа 515 мектеп автобусын сатып алғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға