Жаңалықтар

Биыл 180-ге жуық ауылға интернет тартылады

Биыл 180-ге жуық ауылға интернет тартылады
Фото: © El.kz 21.07.2023 16:15 806

Шалғайда орналасқан ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бірқатар құзырет беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байланыс операторларына шалғайдағы ауылдық елді мекендерді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету үшін жерүсті байланыс инфрақұрылымын құру экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан ауылдар интернетсіз қалып отыр. Жалпы, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат бөліне отырып іс-шара көзделген. 2023 жылы 176 ауылдық елді мекенді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу ұсынысы қолдау тапты, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Осы жұмыстарды іске асыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мына құзыреттер берілмек:

- төтенше жағдайлар кезінде ұялы байланыспен қамтамасыз ету үшін жылжымалы ұялы базалық станцияларды пайдалану қағидаларын бекіту;

- спутниктік технологиялар арқылы ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға