Жаңалықтар

Биыл 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Фото: gov.kz 07.02.2023 12:26 1181

2022 жылы елімізде 15 млн 400 мың шаршы метр немесе 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Тұрғын үй құрылысына инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өсіп, 2 трлн 900 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 17 мың 300 пәтер салынып, 10 мың 5 жүз жеңілдетілген несие берілді. Олар 6574 пәтер салуға және сатып алуға, 2544 жас мамандар үшін, 2388 әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандар үшін, 1642 көпбалалы отбасылар үшін, 10 768 пәтер кредиттік тұрғын үй салынды, кредиттік тұрғын үйді сатып алуға 10,5 мың қарыз берілді», - деді министр.

Тұрғын үйді іске қосудың жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіші 101,8%-ға орындалған. Ал 8 өңір тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарын орындамаған. Олар СҚО, Ұлытау облысы және Атырау облыстары. Биыл 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға