Жаңалықтар

Биыл 1480 ауыл әкімі тікелей сайланады – Ерлан Саиров

Биыл 1480  ауыл әкімі тікелей сайланады – Ерлан Саиров
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.04.2023 11:51 1029

Депутат Ерлан Сайыров премьер-министрге сауалын жолдады, деп хабарлайды  El.kz  ақпараттық агенттігі.

Елімізде ауыл әкімдерін халық тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Биыл 1480  ауыл әкімі тікелей сайланады. Халық аудан, қала әкімдерін биыл пилоттық деңгейде, келесі жылдан бастап, тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты. Бір Президент - бір мерзім» саяси новелласы енгізілді. Мәжілісте Қазақстанның саяси тарихында бірінші рет 6-партия жұмыс істеуде. Жоғары аудиторлық палата жылына екі рет Мәжіліс алдында есеп беретін болды. Конституциялық сот құрылды, – дейді.

Сонымен қатар, ол бізге парасатты, байсалды, халықшыл саяси мәдениет қалыптастыру маңызды екенін айтты.

Үкімет елімізде өтіп жатқан саяси трансформацияның мәні мен маңызын халыққа түсіндіре отырып, азаматтардың қоғамдық шығармашылығын арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауы тиіс. Бұл мәселелерді оң шешпей Конституциялық реформаның ұлағатты шығармашылық потенциалын арттыру қиынға соғады. Сауалға заңда көрсетілген мерзімде жауап берулеріңізді өтінеміз, – деп сауалын жолдады Саиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға