Жаңалықтар

Биыл 130 мың оқушы лагерьлерде тегін демалады

Биыл 130 мың оқушы лагерьлерде тегін демалады
Фото: © ОКҚ 01.06.2023 12:43 1247

Дәстүр бойынша 1 маусымда мектеп оқушыларының жазғы демалыс және сауықтыру маусымы ресми түрде ашылады. Демалыс уақытында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан «Ата-ана бақылауы» қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қауіпсіз ортаның маңызды аспектілерінің бірі - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен ата-аналарды гаджеттерде балаларыңыздың интернетті пайдалану процесін бақылауға мүмкіндік беретін «Ата-ана бақылауы» қызметіне қосылуларыңызға шақырамын, - деп атап өтті вице-министр.

Биыл жүздеген мың бала тәжірибелі және білікті мамандардың бақылауымен 11 мың сауықтыру лагерьлері мен алаңдарында демала алады. Жекелеген санаттағы 130 мың оқушы тегін демалады.

Жаз - бұл ата – аналар, педагогтар мен демалысты ұйымдастырушылар үшін ерекше және жауапты кезең. Біз балалармен болуы мүмкін қолайсыз оқиғалардың алдын алу үшін суда, жағажайда, орманда және басқа аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауға жоғары талаптар қоямыз. Еліміздің әрбір кішкентай азаматы сүйіспеншілік пен қамқорлықта өсіп, білім мен салауатты өмір салтына қол жеткізе алсын және біз оларды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенімізді білсін», - деді вице-министр Еділ Оспан.

Сондай-ақ балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды. Сондықтан Telegram мессенджерінде «BALA QORGAU» чаты және Білім басқармалары жанындағы Сall-орталықтар арқылы азаматтардың өтініштеріне ден қою тетігі жұмыс істейтінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға